Перейти к содержимому страницы.

Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының ережелері

Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі 

Визаның қолданылу мерзімі көшіп келуші паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын аяқталады.

Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында рұқсат етілген болу мерзімі көші-қон карточкасында көрсетілген тіркеу мерзімі өткен соң аяқталады. 

Тіркеу мерзімін ұзарту ішкі істер органдары көші-қон карточкасына қоятын тиісті белгімен ресімделеді.

Тіркеу осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзімдерге, сондай-ақ:

тиісті медициналық ұйымдар белгілеген, көшіп келушінің немесе оның жақын туыстарының ауыр науқастануына байланысты – емдеу үшін аса қажетті кезеңге;

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жергілікті атқарушы орган немесе ішкі істер органдары берген тиісті рұқсаттарсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.

Егер Қазақстан Республикасы тиісті тараппен жасасқан келісім немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілерде уақытша тұруға (тіркеуге) рұқсаты болуы қажет.

Көшіп келушілерді тіркеуді ішкі істер органдары қабылдаушы адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы адамдар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Көрсетілген мерзімдерді есептеу көшіп келуші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен немесе қабылдаушы адамға келген тәуліктің 00.01 сағатынан басталады. 

Көшіп келушілерді тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

Тіркеу көшіп келушінің ұлттық паспортының және визаның қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.

Келуі мен болуының визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тіркеу визасыз болу рұқсат етілген мерзімге жасалады. Егер нақты мерзім белгіленбеген жағдайда, тіркеу Қазақстан Республикасына келген күннен бастап отыз тәуліктен, ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге ресімделеді.

Білім алу, кәсіптік даярлық және (немесе) тағылымдамадан өту мақсатында келген көшіп келушілерді тіркеу бір жылға ресімделеді, бірақ оқу, оқу практикасының немесе тағылымдаманың мерзімінен аспауы тиіс.

Көшіп келуші Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы адам бұл туралы ішкі істер органдарына үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Тұрақты немесе уақытша тұратын жері өзгерген жағдайда, көшіп келушілер күнтізбелік бес күн ішінде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді.

Жекелеген шетел мемлекеттері азаматтарының Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі.

Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Аустралия Одағы, Америка Құрама Штаттары, Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Кипр Республикасы, Корея Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Түркия Республикасы, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасына визаcыз келеді және Қазақстан Республикасынан визасыз кетеді.

Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған көшіп келушілер, яғни тұру құқығына құжаттарсыз тұрып жатқан немесе жарамсыз құжаттар бойынша тұрып жатқан, тіркеудің не жүріп-тұрудың және тұрғылықты тұратын жерді таңдаудың белгіленген тәртібін сақтамайтын, өздеріне белгіленген болу мерзімі өткеннен кейін шығудан жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүру қағидаларын сақтамайтын көшіп келушілер Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңдарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатады.