Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ студенттері ENACTUS KAZAKHSTAN WINTER CAMP қатысты

06.02.2018

Алматы облысы Талғар ауданының Ақбұлақ шипажайында Enactus командасының стуент мүшелері Ханзада Молдабекова және Мади Сейтбатталов ENACTUS KAZAKHSTAN WINTER CAMP қысқы бизнес-мектепте кәсіпкерлік және жобалық менеджмент бойынша курстан өтті.

Курсқа қатысу үшін Қазақстанның әр қаласынан командалар келді. Курстарды өз тәжірибесімен және бизнес ойлармен бөліскен таяу және алыс шетелдің кәсіпкерлері өткізді.

-Күннің суығына қарамастан барлық студенттер жағымды әсерде қалды. Менің ойымша, осы бизнес-жобалар Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің біріне айналытындығына септігін тигізеді. Жастарға ENACTUS жобаларына қатысуға мүмкіндік жасап отырған ENACTUS KAZAKHSTAN президенті Альбина Мейрбековнаға жеке алғысымызды білдіреміз. Аталмыш жоба жастардың бизнес ортадағы жолын ашуға және дамытуға мүмкіндік береді, - деп бөлісті Мади Сейтбатталов.

">