Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ студенттері Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рафаэль Вахитовтың құрметіне өткізілген бокста жеңімпаз атанды

10.04.2018

2018 жылғы 2-6 сәуір аралықтарында Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рафаэль Вахитовтың құрметіне арналған бокстан VII халықаралық турнир өтті.

Осы турнирге облыстың құрама командасының құрамында ПМПУ студенттері де болды. Соңғы мәреге төрт павлодарлық шығып, оның үшеуі жеңімпаз атанып, біреуі екінші орынды иеленді. Қазақстаннан, Ресей Федерациясынан, Украинадан, Сербиядан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Англиядан, Грузиядан, Тәжікстаннан командалар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 146 студент.

Нәтижесінде бірінші орынды ФКС-31 тобының студенті Сабыр Залаушиев пен ФКС-13 тобының студенті Айбат Шукелов иеленді.

">