Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ ректоры халықаралық форумның жұмысына қатысты

29.03.2017

 ПМПИ ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Нұхұлы  үстіміздегі жылдың 16-17 наурыз күндері  Мәскеу қаласы Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінде өткен «Педагогика саласындағы медиасауаттылық: тәжірибе және басқарудың жаңа тәсілдері» халықаралық  медиа-форумына қатысып қайтты. ЮНЕСКО азаматтардың медиабілімі және медиа-ақпаратық сауаттылық кафедрасы дайындаған  «Педагогика саласындағы медиабілім» эксклюзивті бағдарламасы ұсынылды. Бағдарлама шеңберінде жетекші сарапшылар мен халықаралық жаттықтырушылар 3 модульді интерактивті  лекциялар өткізді: «Медиабілімділікті басқару»; «Педагогикалық жоо жүйесіндегі медиабіліктілік» және «Білім беру жүйесіндегі ақпаратты-медиаресуртар».

16-наурызда Педагогикалық университеттердің Еуразиялық ассоциациясы (ЕАПУ)  шеңберінде өткен жалпы жиналыста Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты осы ассоциация мүшелігіне енді.

Сонымен қатар жиналыстың ашылуы алдында МПГУ ректоры А.В.Лубков және ПМПИ ректоры Алтынбек Нұхұлы серіктестік меморандумына қол қойды.

">