Перейти к содержимому страницы.

Павлодарда алғаш рет Тәуелсіздік күніне арналған түзету мекемелері балаларының облыстық сурет конкурсы өтті

20.12.2017

ПМПИ-де екі күн қатарынан жас суретшілердің көрмесі өткізілген болатын. Қазіргі уақытта «Павлодар ауданы бойынша ППТК» КММ дефектолог қызметін атқаратын, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі Айдана Муратова конкурсты ұйымдастырды.

‒Конкурсты ұйымдастыру ойымызды бізді Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты және Павлодар ауданы бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы және «Жасыл ел» облыстық штабы қолдау көрсеткен болатын. Аталған конкурсты ұйымдастыруға ат салысқаны үшін алғысы шексіз, - бөлісті Айдана.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай өткізілді. Көрме Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілді. Конкурсқа барлығы 50 жұмыс жіберіліп, 9-ы үш жас ерекшелікте жеңді. Іс-шараға облыс маслихатының депутаттары, ПМПИ жастар саясаты басқармасы, Павлодар облысы әкімдігінің жастар саясаты кеңесінің мүшелері, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қызметкерлері, Павлодар облысы білім беру басқармасының өкілдері, «Дети Независимости» конкурсының қатысушылары және т.б. қатысты.

Барлық қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар диплом және құнды сыйлықтармен марапатталды.

">