Перейти к содержимому страницы.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мұқағали оқулары» әдеби сазды сайысы өтті.

12.02.2018

Аталмыш шара «Серпін іскерлері» ұйымының ұйымдастыруымен өтті. Сайыстың қолдаушылары - жастар саясаты департаменті. ПМПУ-нің студенттеріне М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарындарын анықтау, поэзияға деген құштарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған еді.

Қазылар мүшелері: Сағынтаева Жұлдыз Қайратқызы, Жакупова Қарлығаш Дүйсенбайқызы, Болатбек Ибраһим, Нартбай Сымбат Нарбекқызы, Крыкбаева Аружан Намазбайқызы - өздерінің әділ шешімдерін жариялап, кей жерінде кеткен қателіктерін және өз ұсыныстарын айтып өтті.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Мұқағали Мақатаевтың жырларын мүдірмей оқу бойынша сайыста жүлделі I-орынға Түзелбаева Гүлмира шықса, II-орын Әбсадықова Ұлжан, III-орын Айдынбаева Ақжарқын иеленді. Мұқағалиға арнау кезеңі бойынша топтан оза шауып I-орынды Суюнова Клара иеленген, II-орын Бибала Аманжол, III-орын Мейрам Аманбек болса, «Жас жыршы» номинациясын Тәжібай Жұлдызай алды. Мұқағали әндерін шырқау бойынша қоңыр даусымен ерекшеленіп I-орынды Сайлаухан Нұрназ жеңіп, II-орын Мірәлі Жансая, ал жүлделі III-орын Шорабекова Данагүлге бұйырды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

">