Перейти к содержимому страницы.

Отанды сүю үшін – туған жерді білу қажет!

15.12.2017

География және химия кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шеңберінде «Менің елім - Қазақстан» атты сайысы ұйымдастырылды. Шара студенттердің өз еліне, туған жеріне, өлкесіне деген патриоттық сезімін оятып, Тәуелсіздік пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік негізі қаланған ұлттық-мәдени құндылықтарды нығайту, өскелең ұрпақтың бойына азаматтық сана-сезім мен патриотизмді дамыту мақсатында өткізілді.

Аталмыш сайыс 5 кезеңнен тұрып, екі бағыттан құрылды. Біріншіден студенттердің Отанымыздың табиғаты, ерекше қорғалатын нысандар бойынша дайындалған сұрақтар арқылы білімдері тексерілді. Екінші бағытта – студенттердің туристік-өлкетанулық бағыттағы шығармашылық жұмыстары, оның ішінде байлам, алау түрлерін қолдана білу және карталармен дұрыс жұмыс жасауы бағаланды. Соңғы тапсырма ретінде қатысушылар белгілі бір туристік жерлер бойынша өз бағыттарын ұсынып, ғылыми негіздемелерін берді.

Шара аясында студенттердің туристік шығармашылық қабілеттері анықталып, болашақ географ мамандардың білімдері сараланды. Сайыстың нәтижесінде алға шыққан үздік командалар марапатталып, сыйлықтарға ие болды. 1-ші орынды «Олим» командасы ұтып алса, 2-ші орынды «Бірлік» тобы иеленді. Ал,  3 –ші орын «Болашақ» командасына бұйырды.

">