Перейти к содержимому страницы.

Баянауыл ауданының 120 түлегі ПМПУ-ден ҰБТ-ға дайындық курсынан өтті

09.01.2018

 Баянауыл ауданы Ш.Айманов мектеп-интернатында аудан түлектері үшін ЖОО өкілдері ҰБТ-ға дайындық бойынша курс өткізді. Курс ПМПУ жоғары оқу орнына даярлық және жұмысқа орналастыру орталығы Баянауыл ауданы білім беру бөлімімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

 Сабақтарды өткізу үшін баянауыл ауданына қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы – Г.Ә.Сағынаева, тарих – Нуртаев Ж., Ракишева Г., биология – Л.Булекбаева, география және химия – А.Елемесов, Б.Майра, математика және физика – Б.Орымбаев, А.Алпысов атты оқытушылар жіберілді.

 Ауданның білім беру бөлімінің басшысы М.Т. Абдикаримов жемісті ынтымақтастығы және оқушылардың қорытынды аттестат нәтижесі, сондай-ақ аталған жұмыстың алдағы уақытта тигізетін септігі үшін ПМПУ-ге өз алғысын білдірді.

">