Перейти к содержимому страницы.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселелері талқыланды

13.04.2018

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Облыстық «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру және насихаттау» жобасының менеджері Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Әділбек Дәуітбекұлы Әміренов Май ауданы әкімшілігі құрамымен кездесіп, латын әліпбиі жобасы туралы ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Май ауданы әкімінің орынбасары Мадина Қабзайтқызы Құсайынова, спорт және туризм басқармасының басшысы Асылбек Қабылқанұлы Резуанов, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысы Айбек Сайрамбекұлы Байжасаров, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Қарлығаш Жеңісқызы Түсіпбекова, ішкі саясат басқармасының бастығы Шырын Қайырбекқызы Қайырбек, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі меңгерушісі Төлеутай Жұмашұлы Сыздықбаев, білім беру басқармасының басшысы Орынбасар Нәжімиденкызы Темірболатова диалогқа қатысып, әліпби мәселесіне қатысты қойған сауалдарына толық жауап алды.

Ісшара барысында қатысушылар өз жеке пікірлерімен бөлісіп, бүгінгі латын әліпбиінің оң және сол тұтастары жайлы сөз қозғады.

">