Перейти к содержимому страницы.

«ПМПИ: кешегі күні, бүгінгі тынысы, болашақ келбеті»

27.12.2017

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті ректоры Алтынбек Нухұлы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Ш.Шокеевпен және институт арадгерлерімен кездесті.

Кездесу кезінде университеттің қызметі және келешегі сөз болды. Осыдан басқа да , университет ректоры институт өмірінде орын алған ерекше оқиғаны – «институттың» «университет» атануын атап кетті.

‒ Кеше біз университет мәртебесін алдық, ал бүгін Сіздер – университеттің алғашқы қонақтарысыз, - деп Алтынбек Нухұлы сөз бастады. ‒ ЖОО-ға алғаш келгенде студенттер саны 3500 адам еді, ал қазір студенттер 4500-ге дейін жетіп отыр. Биыл оқу ордамызға 1700 студент оқуға қабылданып, оның ішінде 700-і грантқа ілікті. Жаңа мәртебені алғалы бері бізге жаңа мүмкіндіктер ашылмақшы. Магистратура үшін 15 педагогикалық мамандық ашу – біздің ең басты жұмысымыз. Осының арқасында біздің түлектер оқуларын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ ПМПУ құрамында колледж ашу көзделіп отыр.

Сондай –ақ, ректордың айтуы бойынша, мектепке дейінгі және орта білім беру мәселесін шешу үшін келесі жылдың 2 наурызында барлық облыс директорларының қатысуымен өтетін алғашқы аймақтық педагогикалық форум өткізу жоспарланып отыр. Кездесудің қонақтары «Margulan centre» археологиялық орталығында, «Sultanbet Sultan» ғылыми-білім беру кешенінде болып, «ПМПИ қолжазбасы» экспозициясымен және «ПМПИ-өткен күннен бүгінгі күнге дейін» фильмді тамашалады. Жалпы алғанда, қонақтарды толыққанды және қызықты бағдарлама күтіп тұр еді.

">