Перейти к содержимому страницы.

«Менің шағын Отаным» фотоконкурсы

15.12.2017

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Менің шағын Отаным» фотоконкурсы өтті. Аталған іс-шара ПМПИ тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасы мен педагогика және спорт факультетімен бірлесіп өткізілді. Педагогика кафедраның аға оқытушысы Бауыржан Нурумов шара ұйымдастырушысы болды.

Фотоконкурста автордың туған өлкесін, жерін қалай суреттегені, жеткізгені, сол жердің кереметін қалай ұсынғаны, композициялық шешім мен шығармашылық есептелді.

Конкурсқа барлық факультеттер мен курстардан студенттер қатысты. Көрермендер «Мой край, где я родился», «Я стою над рекой, сердце радостью бьется», «Вечерняя сказка», «Родные берега», «Жағалауда. Ертіс. Павлодар», «Озеро. Майкаин», «Природа-это наш дом» және «Будущее Родины – в наших руках» атты қызықты композицияларды тамашалай алды. Қазылар алқщасының шешімімен конкурстың келесі жеңімпаздары анықталды:

1-орын ‒ «Скоро зима в родном краю» және «Танец цвета» жұмысымен ИНФ-21 тобының студенті Осман Қизат;

2-орын ‒ «Скоро поезд. Берег счастья и надежды» және «Красота реки Иртыш» фотошешімімен М-12 тобының студенті Екатерина Тихонова;

3-орын ‒ «На теплоходе по крупнейшей реке моей Родины» және «Вид из моего окна» фотожұмысымен ИА-22 тобының студенті Кристина Перескокова.

Фотоконкурс қатысушылары мен жеңімпаздарына құнды сыйлықтар сыйланып, дипломдармен марапатталды.

">