Перейти к содержимому страницы.

«Алаш идеясы – Тәуелсіздік идеясы»

06.12.2017

Ақсу қала Ақсу ауылы К.Шулембаев атындағы орта мектебінде «Жас алаш» ғылыми мектебінің жұмысы барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Алаш идеясы – Тәуелсіздік идеясы» атты дөңгелек үстел өтті.

Шара ұйымдастырушылары – К.Шулембаев атындағы орта мектептің тарих мұғалімдері Шулембаев Ануар Шарипов және Мадина Жумабаева. Дөңгелек үстел жұмысына Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Зият Айткенов, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті тарих және мәдениет институтының директоры Қайрат Батталов, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттік Ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов, Ақсу қаласы білім беру әдістемелік бөлімінің бастығы Мағрипа Айдарова, Павлодар облысы бойынша ұлттық құндылықтар республикалық қозғалыстың үйлестірушісі, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Светлана Кондерикова, білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Рустем Жауаш, Ақсу қаласы ардагерлер Одағының төрағасы Залмухан Арынов, қала мектептерінің жас мамандары қатысты.

Жөңгелек үстел жұмысы барысында Қазақстан тәуелсіздігінің мәселесі, 20 ғасырдың алғашқы ұлттық үкіметі – Алашорда, қазақ халқының азат болу күресі жолындағы Алаш қозғалысының тарихи рөлі сөз етілді. Ғалымдар – Зият Айткенов пен Қайрат Батталов Алаш партиясының Қазақ халқының тарихында алатын орны мен маңыздылығын түсіндіріп кетті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру туралы бірнеше ұсыныстар және Ақсу ауданында жүзеге асыруға болатын бірнеше жобалар ұсынылды.

">